29.05.2024, 23:21
Оқылды: 71

Сырым ауданы: 1 550 000 теңге желге ұшты

Ақпараттың жүйелерді теріс мақсатта пайдаланып, алаяқтық жасау да, оларға алдану да тыйылмай тұр. Қылмыстың қаупін ескерткенімізбен, Сырым ауданында да смартфонның арғы жағындағы суаттарға сеніп қалушылар саны артуда.

InShot_20240529_232010137

2024 жылы бугінге дейін 1 факт тіркелді. Жымпиты ауылының тұрғыны интернеттен «HopToDesk» қосымшасын жүктеп, әп сәтте 1 550 000 теңге рәсімдеген. Қазіргі уақытта оқиға тексерілуде.

2023 жылдың басынан бері 9 алаяқтық қылмыс тіркеліп, оның 5 – еуі ашылды. Ақпараттық жүйені,интернетті пайдалана отырып жасалатын қылмыс түрін ашу қиынға соғады. Жымқырылған қаражаттар көбіне Ресей, Украйна елдерінің есеп шоттарына аударылады.

Киберқылмысқа, оның ішінде телефон және интернет алаяқтарға қарсы іс қимылдың 2023 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде Сырым ауданы аумағында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Аудандық аурухана, әкімдік, мектеп, балабақша секілді көпшілік көп шоғырланатын орындарға жаднамалар ілінуде. Сырым полициясы әлеуметтік желіде де белсенді ақпарат береді. @Kyberpolice_zko парақшасы Сіз үшін ашық!

Киберқылмыс жаңа деңгейге көшті. Орган қызметкерлерінің атын жамылып, тіпті форма киіп, өзін полиция, прокуратура, сот орындаушы, банк қызметкерлері ретінде таныстыратын еуропа нәсіліндегі азаматтар «Сізге қаражат аударамыз!», «Картаңызды жаңарту керек!», «Арзан смартфоннан құр қалма!» - деп хабарласса, бірден сөйлесуді доғарыңыз!

Полиция осыны ескертеді!

Тимур Айтуғанов,

Сырым аудандық полиция бөлімінің бастығы,

полиция полковнигі

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале