Бүгін Жаңақала ауданында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы аясында аудандық мәдени демалыс орталығында қабылау жүргізілді.
Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары, аудандық прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімі, нотариус, адвокат, сот орындаушы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, полиция бөлімі, аудандық мансаптық орталығы, аудандық сәулет қала құрылысы бөлімі, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі, жастар ресурстық орталығы, аудандық жер қатынастар бөлімі және аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтары қатысты.
Мемлекеттік органдар, елдің үздік заңгерлері мен адвокаттары азаматтарды қабылдап, кез келген құқықтық мәселелер бойынша халыққа консультация береді.
Аруғаным Қазиева,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz