Димаш Құдайбергеннің 30 жылдығына орай Малайзиядағы әншінің фан-клубы жергілікті ауыл мектебінің оқушыларына арналған кітапхана сыйға тартты. Жоба «Білім оазисі» деп аталды. Жобаның мақсаты – мектеп оқушылары мен жергілікті тұрғындардың оқу ортасын жақсарту үшін жаңа кітапхананы қажетті кітаптармен, оқу құралдары және құрал-жабдықтармен жабдықтау болатын. Бұл туралы dimashnews.com сайты жазды.
Малайзия Білім министрлігімен бірлесіп және Қазақстанның Малайзиядағы Елшілігінің қолдауымен фан-клуб мүшелері мен олардың достары жаңа кітапхананың ашылуына демеушілік жасады. Кітапханаға кітаптар, оқу құралдары, жиһаздар мен жабдықтар, соның ішінде SMART-теледидар мен проектор да сыйға тартылды. Көптілді, атап айтсақ, малай, неміс, испан, орыс, жапон, ағылшын, қытай, араб, корей және француз тілдеріндегі кітаптар мен оқу материалдарына ерекше көңіл бөлінеді.
Жоба 48 демеушінің қолдауы мен Малайзияның түкпір-түкпірінен келген және 4 күн бойы кітапхананы бояуға, жөндеуге және жабдықтауға жұмсаған 12 еріктінің қатысуының арқасында жүзеге асты. «SK Malinsau» мектебі, Ранау, жақын маңдағы 8 ауылдағы 6 мен 12 жас аралығындағы 250-ге жуық оқушыға арналған білім беру мекемесі және жергілікті қауымдастықты біріктіруде маңызды рөл атқарады.
Тапсыру рәсімі 2024 жылдың 20 мамырында мектеп жиналысы кезінде өтті. Dimash Malaysian Dears фан-клубының әкімшісі Сяидатул Сабила Азва Мохд Али фан-клуб мүшелері, мектеп мұғалімдері мен оқушыларының қатысуымен мектеп әкімшілігінің көмекшісі Амат Копонгқа кітапхананы табыс етті.
Сяйдатул Сабила Азва және Білім Оазисі жобасының менеджері Адлина Шатира Зайнудин:
«Бұл білім берудегі және ауылдық қауымдастықтарды дамытуда мағынасы зор жобалардың бірі. Біз Димаш Құдайбергеннің бойындағы қайырымдылық қасиетін ерекше бағалаймыз. Сол себепті, жасөспіріп балалардың санасының дамуына үлес қосқымыз келеді. Осы игі іске үлес қосқан барлық демеушілерге, қолдаушыларға және стратегиялық серіктестерге шынайы алғысымызды білдіреміз», – деп өз пікірін білдірді.
Ал SK Malinsau әкімшілігінің студенттерімен жұмысы жөніндегі көмекшісі Амат Копонг:
«Біз Dimash Malaysian Dears дәл біздің мектебімізді таңдағанына қуаныштымыз. Бұл әсіресе ауылдық жерлердегі оқушыларға үлкен әсер етіп, олардың білімін жетілдіріп, оқуға қолайлы жағдай туғызады», – деді.
Мектеп директоры Джамайн бин Абдул Халин былай деп қосты:
- SK Malinsau атынан мен Димаштың жанкүйерлерінің осындай мәнді де мағыналы сыйлығы үшін үлкен алғысымызды білдіремін. Осындай орталықтың пайда болуымен студенттердің оқуға деген қызығушылығы артып, бұл біздің «Мейірімді және ақылды балалар» ұранымызды толықтай растайтынына сенімдімін, – деп түйіндеді сөзін.
Фото: dimashnews.com