31.05.2024, 12:00
Оқылды: 87

Еске алу қиын болса да, естен шығаруға болмайды

Бүгін - 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

441899658_2610300922485119_1588304075707520494_n

«Кіші Қазан» төңкерісі жүріп, ұлтымыздың зиялы қауымы қуғындауға ұшыраған, елден қуылып, олардың өмірі талқандалған аумалы да төкпелі кезең әр тәуелсіз қазақтың жүрегінде. Ел ертеңі үшін осылайша құрбан болған арда азаматтар азаттықтың артынан ағараңдап тұрған сәуле секілді. Еркіндікке құштар жандар бейбіт күннің қантөгіспен келгенін, ұлт қаймақтарының жазықсыз өмірі қиылғанын, көз ұшында тұрған ел жанын бір сәтке де естен шығармауы тиіс.

441938860_2610300655818479_4801023067265814741_n

Бүгін теректіліктер «Достық үйі» саябағындағы құрбандарға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қайраткерлердің рухына тағзым етті. Аудан әкімдігінен бастап, тайлы-тұяғы қалмай келген басшы-қосшылар бұл күнге ерекше маңыз берді. Олар ең әуелі аудандық тарихи-өлкетану музейіндегі жәдігерлермен, аудандық кітапхана дайындаған кітап көрмесімен танысты. Аудан жұрты мұраларға зер салып, ауыр күрсінді.

Кейін «Алаш құрбандарына тағзым» митиңі ашық деп жарияланып, Теректі аудандық мешітінің бас имамы Амантай Бақтығали қилы кезеңдерде жазықсыз жапа шеккендердің рухына құран оқыды.

447034743_2610300709151807_8573442064392287941_n

Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Білікбай Қазиқанов, аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев пен еңбек ардагері Ғұсман Қатабаев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев пен еңбек ардагері Михаил Костюков, Теректі ауылдық округінің әкімі Армат Рыспаев пен аудандық ауыл шаруашылығы ардагерлер ұйымының төрағасы Қайыржан Ахмадиев ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Қарғыс атқыр жүйе зардабының шегіне жету мүмкін болмас. Жиырма мыңнан аса адам атылды. Ішінде ақын-жазушылар, ағартушылар, ұстаздар мен ел жанашырлары болды. Ортадан табылған мектеп оқушылары Міржақып Дулатовтың, Сәкен Сейфуллиннің, Ахмет Байтұрсыновтың, Мағжан Жұмабаевтың, Бейімбет Майлин мен Ілияс Жансүгіровтың өлеңдерін тебірене оқыды.

Бір минут үнсіздікпен еске алып болған соң олардың еңбектерін, ерліктерін айтып, өзара пікір алмасты.

Ақтілек Әлібекұлы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

447034654_2610300812485130_2662565060554876776_n 447239359_2610300742485137_5105015542308746719_n 447297933_2610300775818467_2973797240944149598_n 441950605_2610300595818485_7142534919430198664_n

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале