Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толды.
Осыған орай облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен облыстық «Ауғанның от-жалыны» әскери - патриоттық әндер байқауына Тасқала ауданының өнерпаздары қатысып бақтарын сынап қайтты. Нәтижесінде «Мәдениет майталманы» төс белгісінің иегері Сергей Бигазиев жетекшілік ететін халықтық «Тасқала» вокалды-аспапты ансамблі I орынға ие болды.
Байқау барысында үздік әншілеріміздің бірі Думан Беккалиев пен вокальды топ Анатолий Пшеничныйдың сөзіне жазылған Игорь Слуцкийдің әні «Алешаны» қосыла шырқап, көпшіліктің көңілінен шықты.
Гүлмира Серікқалиқызы,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz