31.05.2024, 21:00
Оқылды: 105

Теректі ауданының әкімі «Теректі жаңалығымен» бірге

Газет оқыған мен телефон қараған адамды салыстырып көрейікші, қане! Сіз үнемі смартфоннан бас алмайтын адаммен бір сағат тапжылмай сөйлесе аласыз ба? Оның сөзінен рухани азық алып, жан-дүниеңізді құндылыққа толтыра аласыз ба? Тіліміздің бай екеніне анық қаныға аласыз ба? Сұрақ көп, ал жауап бере алмай, абдырап қалуыңыз әбден мүмкін. Өйткені газет пен телефонның арасы жер мен көк тәрізді.

447040389_2610382132476998_981210037999380771_n (1)

Дамыған заманда керегіңді ғаламтордан оқып алу бір бөлек, тілшілердің шұқшия зерттеп, он ойланып, мың толғанып жазған мақаласын газеттен оқыған мүлде бөлек. Әсіресе аудандық газетке жазылудың көрегенділік екенін естен шығармаған жөн. Туған жерін сүйетін әр перзент махаббатын аудан айнасына жазылу арқылы көрсете алады.

447035744_2610382202476991_2430412687809334401_n (1)

Аудандық «Теректі жаңалығы» газетіне 2024 жылдың II жартыжылдығына жазылу басталғанын естіген аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова «Қазпошта» арқылы газетке жазылып, аудан айнасына қолдау көрсетті. Әлбетте бұл жалаулатып, сүйінші сұрайтын нәрсе емес. Қалыпты құбылыс деп бағамдауға әбден болады. Дегенмен төтенше жағдай уақытынан бері аудандық деңгейдегі іс-шаралардың бәріне назар аударып жүрген аудан басшысының бұл ісіне екпін түсіре атап өткен дұрыс.

- Су тасқыны кезеңінде шұғыл әрі нақты ақпараттармен бөліскен аудандық «Теректі жаңалығы» қоғамдық-саяси газетін әр теректілік іс жүзінде қолдауы тиіс,-деді өз сөзінде.

Сонымен қатар арнайы уақыт бөліп, газет-журналға жазылу уақытын қалт жібермеген Әлия Биғазықы аудандағы бөлім басшылары мен мекеме қызметкерлерін, зиялы қауым өкілдерін газетке жазылуға шақырды. Естеріңізге сала кетейік, бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Халықтың санасын ояту үшін жанын беріп, ағартушылықпен айналысқан ұлт зиялылары газетке ерекше мән берген.

Ақтілек Орынбасар,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале