31.05.2024, 22:30
Оқылды: 96

Бәйтеректе саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Бәйтерек ауданы орталығында осындай атаумен митинг өтті.

IMG_20240531_200735_374

Переметный ауылындағы «Жеңіс» саябағында болған іс-шара ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен басталды. Содан соң бір минуттық үнсіздік жарияланды.

IMG_20240531_200743_453

- Өткен ғасырда, яғни 1921-1950 жылдар аралығында халқымыз аштық, қуғын-сүргін секілді қаншама нәубетті бастан кешкенін білеміз. Ұлтымыздың қаншама көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарына «халық жауы» деген жала жабылып, атылып кетті. Талай отбасыларының оты өшіп, ана жесір, бала жетім қалды. Түптеп келгенде, саяси қуғын-сүргін, аштық, өзге ұлттардың депортациясы барлығы ұлтты жою саясатына бағытталғаны анық. Бұл туралы көптеген мақала-материалдар жарияланып, кітаптар шығып, кино-спектакльдер түсірілді. Мұның бәрі қазақ тарихындағы ақтаңдақ беттердің ашылуына әсерін тигізуде. Сол себепті де кейінгі ұрпақ осынау нәубет туралы жақсы біледі. Бұл зұлматты бастан өткерген аға ұрпақтың алдында бас иеді және оны үнемі жадында сақтайды,- дейді митингте сөз алған аудан әкімі Марат Тоқжанов.

IMG_20240531_200716_732

Содан соң қуғын-сүргінге ұшыраған Елжан Мартасовтың ұрпағының бірі Расул Мұсқұлов сөз алып, бұл зұлмат олардың әулетін де айналып өтпегінін айтты. «Оқып, тоқыған нағашы атамды 12 ақпан 1938 жылы қамауға алып кеткен екен, - деді Расул Мақсотұлы. - Үш күннен кейін, яғни 15 ақпан күні оны ату жазасына кескен. Алайда атамыздың қайда қамалғанын, қай жерде ату жазасына кесілгенін, қай жерде жерленгенінен хабарсызбыз. Біз секілді жандар аз емес. Мемлекет тарапына бұл бағытта тиісті зерттеу, оларды ақтау жұмыстары жүріп жатқаны белгілі. Ерте ме, кеш пе біз де нағашы атамыз туралы мәліметтерді табамыз деген үміттеміз. Қуғын-сүргінге ұшырағандарды ұмытпай, ел жадында сақтау бағытында ауданымызда да қолға алынған іс-шаралар үшін алғысымды білдіремін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын».

Салтанат Зұлқарнаева,

Бәйтерек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале