1.06.2024, 16:30
Оқылды: 82

Балалар қуанышы еселенуде

Бүгін «Достық» алаңында 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай «Біз бақытты баламыз еркелеген» атты мерекелік концерт өтті. Шара барысында Жаңақала ауданы әкімі Алпамыс Жаңабайұлы бүлдіршіндерге құттықтау арнап, жарқын болашақ тіледі.

image-01-06-24-02-21

Әрі қарай, дарынды өнерпаздар сахна төріне шығып, өнерлерін паш етті. Жиналған жұртшылық бұлбұлша сайраған әншіге де, мың бұрала билеген бишіге де тамсана қарап, шапалақтарын аямады.

image-01-06-24-02-21-1

Сонымен қатар мереке иелеріне тегін балмұздақтар таратылып, сәбилер күлкісі жанға қуаныш сыйлағандай болды. Бүгінгі күнге орай түрлі мекемелер ойындар ұйымдастырып, балақайлардың көңілін көтеруге ат салысты. Кеш соңында аудандық білім беру бөлімінің басшысы Данял Танзенов шара қорытындысымен марапаттады. Иә, аталмыш мереке 1950 жылдан бастап тойланып келе жатыр. Бүлдіршінге көңіл-күй сыйлау, оларға қорған болу – міндет. Еліміздің келешек ұрпақтары мереке құтты болсын.

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале