1.06.2024, 17:57
Оқылды: 110

Егер жеке кәсіпкер жеңілдік санатына кіретін болса, оған МӘМС үшін жарна төлеу керек пе?

Егер Салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған жеке кәсіпкерлерді (ЖК) қоспағанда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды ЖК «МӘМС туралы» ҚР Заңына және ҚР Салық кодексіне сәйкес төлейді.

IMG-20240531-WA0080(1)Сурет: freepik.com 

Жеке кәсіпкер, егер ол мынадай санаттардың біріне жататын болса, өзі үшін МӘМС жарналарын төлеуден босатылады: балалар, зейнетақы төлемдерін алушылар, мүгедектер, күндізгі нысанда оқитын студенттер және «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар. Алайда, сол ЖК-дің жалдамалы жұмыскерлері үшін жұмыс беруші ретінде МӘМС үшін аударымдарды төлеуге және олардың жалақысынан жарналарды ұстап қалуға міндетті.

Егер оның қызметкері жоғарыда аталған 5 жеңілдікті санаттың кез келгеніне жататын болса, онда жеке кәсіпкер МӘМС үшін жұмыс беруші ретінде ол жұмыскерлер үшін төлем жасамайды.

Сымбат Қыпшақбай

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале