Қазіргі таңда ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылық артып келеді. Жыл сайын бұл спорт түрінен облыс, республика көлемінде түрлі сайыстар өтіп жүр.
Облыс көлемінде ұлттық спорт түрлерінен жарты жылға созылған лиганың қорытынды кеші өтті. "Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығына" жиналған спортшылар түрлі аталымдар бойынша жүлдегер атанды.
Аталмыш жарыста "Асық ату" ойыны бойынша Теректі ауданының намысын корғаған "Теректі" спорт клубының әдіскері Өтеген Мүбарак "Шебер ардагер" атанды.
- Ұлттық спортымыз ұлт құндылығы, оны жас ұрпаққа әрі қарай дәріптеуіміз қажет, - дейді спортшы.
Жауһар Нұрым,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz