2.06.2024, 9:00
Оқылды: 84

Деркөл кентінде сайлау басталды

Орал қаласына қарасты Деркөл кенті әкімінің өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты сайлау өтіп жатыр. Бүгінде аталған кентте 15 118 сайлаушы бар. Кент әкімін сайлау бойынша жеті учаскелік комиссия жұмыс жасауда.

IMG-20240602-WA0005

Техникалық тұрғыдан толықтай жабдықталған учаскелік комиссиялар таңғы сағат 7:00 ден бастап сайлауға келушілерді қабылдауды бастады.

InShot_20240602_092310368

Дауыс беруге бірінші болып келген сайлаушыға, кәмелет жасқа толып, алғаш рет өз таңдауын жасаушы жастарға, саяси науқанда ертемен отбасымен келген жанұяға демеушілердің атынан сыйлықтар табыс етілді.

InShot_20240602_092550679

InShot_20240602_092448414

Орал қаласының сайлау комиссиясы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале