3.06.2024, 10:32
Оқылды: 62

Мемлекетке жыл басынан бері 325 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды: Тағы 235 млрд теңге өндірілмек

Премьер-Министр Олжас Бектенов төрағалық ететін Комиссия жыл басынан бері 325 млрд теңгеден астам соманың активтерін қайтарған.

ЖП АҚША

Бұл туралы Ұлттық арна хабарлады.

Заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі комиссия мемлекет кірісіне тағы да 235 млрд теңге өндіруді жоспарлап отыр. Оның 230 млрд-ы ақшалай түрде Қаржы министрлігінің шотына аударылады. Ал қалған сомаға пара-пар жер телімдері, жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың акциялары мен Алматыдағы әкімшілік ғимарат мемлекет меншігіне өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале