«Мұхиттың мұрагерлері» жобасы аясында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның дәстүрлі әншілері мен «Атамекен» этно-фольклорлық ансамблі Қаратөбе ауданына табан тіреді.
Ондағы мақсат – Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтың 115 жылдығына арнап концерт беру.
Жоба жетекшісі Бауыржан Халиолла бастаған өнерпаздарды аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев ақ дәммен қарсы алды.
Облыс орталығынан келген қонақтар алдымен Ғарекеңнің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, аңыз тұлғаның аруағына құрмет көрсетті.
Айжан Бауыржанқызы
Орал қаласы