3.06.2024, 12:45
Оқылды: 122

Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды

Астанада шақырту орнына келген фельдшерге пышақпен шабуыл жасаған ер адам ұсталды. Оқиға өткен түнде болған, деп хабарлайды Baq.kz.

Жедел жәрдем ЖП

Отбасылық жанжал кезінде зардап шеккен әйел жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдем қызметкерлері келген кезде ер адам мас болған және медицина қызметкерлерін балағаттаған.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ер кісі фельдшерді бір бөлмеге кіргізіп, есікті жапқан. Кейін іште оны пышақпен қорқытқан.

Медицина қызметкерлері 102 шақырған. Полицейлер агрессорды дереу ұстап, полиция басқармасына жеткізген. Пышақ тәркіленіп алынды.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, 25 жастағы тұрғын мас күйінде болған. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Уақытша ұстау бөлмесіне қамалды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале