Қызылордада мектеп мұғалімі әріптесін өлтірді деген күдікпен ұсталды.
Қайғылы оқиға қалаға қарасты Қызылжарма елдімекенінде болған. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.

2 маусымға қараған түні екі азамат ерегісіп, арты төбелеске ұласқан. Жанжал кезінде біреуі екіншісінің мойын тұсына пышақ сұғып алған.
35 жастағы қала тұрғыны жедел-жәрдем келгенше қайтыс болды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.