3.06.2024, 22:00
Оқылды: 41

Жастарда жаңа басшы

Бүгін Бөкей ордасы аудандық ішкі саясат бөлімінің Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығына басшы тағайындалды. Жастардың жаңа басшысы Медет Каресовті ұжымға аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов таныстырды.

FB_IMG_1717423685107

Медет Болатұлы Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылында 1989 жылы 7 наурызда дүние келген.

FB_IMG_1717423696512
Білімі жоғары. Екі бірдей мамандық иесі. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Ақпараттық жүйелер», Батыс Қазақстан инженерлік – гуманитарлық университетінің «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған.

FB_IMG_1717423676643
Еңбек жолын мектептен бастаған.
2011-2019 жылдары – М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің инженер-технигі;
2014-2015 жылдары- М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің әлеуметтік қызметкері;
2015-2016 жылдары- М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің қосымша білім беру педагогі;
2016-2019 жылдары- Жеке кәсіпкер «Медет» жетекшісі;
2019-2022 жылдары- М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары;
2022 жылдан бастап-Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімінің Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының заңгері қызметін сонымен қатар, «Нарын жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызметтерін атқарған.
Отбасылық жағдайы: отбасылы, 1 қыз, 2 ұлы бар.

Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале