Садақ атудан 3-8 маусым аралығында Сувон қаласында (Оңтүстік Корея) Азия кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Айтулы жарыста Париж Олимпиадасының лицензия иегерлері Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Александр Еременко бақ сынайды.
Жалпы турнирге Қазақстан сапынан 16 спортшы қатысады.
Олар: Денис Ганкин, Алина Ильясова, Диана Тұрсынбек, Самира Жұмағұлова, Елизавета Авдеева, Сергей Христич, Андрей Тютюн, Бунед Мирзаметов, Әсет Адемир, Адель Жексенбинова, Жанель Шадиярова, Эльмира Раисова, Айжан Сейдахметова.
zhaikpress.kz