6.06.2024, 15:15
Оқылды: 65

Казталов ауданында шаруаларға қолдау көрсетіліп жатыр

«Мал баққанға бітеді» демекші, Казталов ауданында осы бір қасиетті ұғымды ұстанып, шаруасын дөңгелетіп отырған шаруашылықтар көп. Бірақ, бүгінде мал бағатын малшы табу қиын. Ауылдық жерде екі қолға бір күрек таба алмай қалада көтерме жұмыс жасап жүрген азаматтар жетерлік. Дегенмен, олар шаруашылықтарға барып, мал бағудан қашады.

70B77EA8-E7FA-4929-B12B-41808FEEACE8

Себебі, күні бойы малдың соңынан еріп жүру оңай шаруа емес. Қиындықтан қашпай, малшы болып ғұмырына қызмет етіп, нәпақасын малдан тапқан жандар да баршылық.

Мал баққан ағайынның бейнетті еңбегі ескеріліп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №449 қаулысына сәйкес, маусым айының екінші жексенбісі – Малшылар күні болып бекітілген болатын.

Ендігі кезекте малшының еңбегін тиісті деңгейде төлеп, оған жағдай жасау малын баққызған адамның мойнында. Күннің аптап ыстығы мен шақырлаған аяз, боранында малдың артында жүрген азаматтардың еңбегі ұшан-теңіз.

Сәуір айының басында Қайыңды ауылының жеке тұрғындарының мал бағымын ұйымдастыру бойынша жиын өткен болатын. Осы жиында көтерілген ұсыныстардың қатарында малшыларға қолдау жасап, оларға мотоцикл көлігімен қамтамасыз ету, мал азығынан қолдау білдіру сияқты мәселелер көтерілген болатын.

Мәселеге қолдау табылып, оңтайлы шешілді. Малшылар күніне орай «Нұр Досхан» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің жетекшісі Нұрлан Досаханов ауылдың малын бағып жүрген бақташыға су жаңа мотоцикл алып берді. Алдағы уақытта екінші бағымның бақташыларына тағы бір мотоцикл алып беруді жоспарлап отыр.

Нұр Рахман

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале