Бүгін аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының кезекті маусымының ашылуы өтті. 2005 жылдан бері өткізіліп келе жатқан аталмыш жоба жастарды еңбекке араластыру арқылы табиғатты күтіп баптауға баулиды.
Биылғы жоспарға сәйкес еңбек жасағы 100 жасты (мектеп оқушылары, студенттер мен жұмыссыз жастар) қамтып, маусым, шілде айларында ІІ кезеңді жұмыс атқару жоспарланып, алғашқы кезеңі басталып кетті.
Ашылу салтанатында еліміздің мемлекеттік Гимні орындалған соң, аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, ауыл әкімі Ақан Қапанов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Мұқанов пен қоғамдық кеңестің төрағасы Қуат Имашев жастардың жұмыс барысына сәттілік тіледі.
Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы