7.06.2024, 10:45
Оқылды: 67

Бірінші АЭС құрылысы үшін Қазақстан 10-12 миллиард доллар жұмсайды

Қазақстанда атом электр станциясын салу ұсынысы референдумда мақұлданса, шамамен 10-12 миллиард доллар бөлінеді. Бұл туралы Энергетика министрлігінің «Баламалы энергия көздерін пайдалану туралы» ҚР Заңының жобасына арналған нормативтік-құқықтық саясат жөніндегі консультативтік құжатында айтылған. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

6B0A6167-D999-49CF-ADCF-6B4A85E87EC7

Фото: freepik.com

Құжатқа сәйкес, Қазақстанда энергетика саласында бірқатар проблема бар. Атап айтсақ, электр және жылу энергиясын өндірудің жалпы көлемінде баламалы және жаңартылатын энергия көздерінің үлесінің төмендігі, баламалы энергетиканы дамыту үшін қолайлы жағдайлардың жоқтығы, сондай-ақ баламалы энергия көздерін пайдалану қызметін дамытуды мемлекеттік деңгейде заңнамалық реттеудің жоқтығы.

Осыған байланысты сипатталған мәселелердің келесі шешімдері ұсынылады:

- Бизнес-қоғамдастықты баламалы энергия көздерін пайдалануға ынталандыру. 2029 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясының үлесі жалпы өндірістің 12,5 пайызын құрайтыны атап өтілді.

- Баламалы энергия көздерінің барлық түрлері бойынша жаңартылатын энергия көздері туралы заңда көзделген преференцияларды 2026 жылға дейін кеңейту.

- Заңнамалық деңгейде көміртегісіз баламалы энергия көзі ретінде атом энергиясын анықтау.

- Қазақстанда 2040 жылға қарай 5 триллион теңгеге дейін инвестиция тартуға әкелетін сутегін өндіруге жағдай жасау.

Қазақстан бұл мәселені заңнамалық тұрғыдан реттеуге ынталы. Жалпыхалықтық референдумда атом электр стансасын салу мәселесі мақұлданған жағдайда бұл нысанға 10-12 миллиард доллар инвестиция салынады деп күтілуде.

Құжат 27 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале