7.06.2024, 14:30
Оқылды: 45

Елдос Сметов Париж олимпиадасына аттанады

Алматыда дзюдодан 60 келі салмақтағы үш балуан арасында өткізілген Олимпиадаға іріктеу турнирі аяқталды, деп жазады Olympic.kz. 

1717745867

Фото: olympic.kz

Аталған сынға Елдос Сметов жеңіске жетті. Ол бірінші белдесуде Мағжан Шамшадинді ұтса, екінші белдесуде Нұрқанат Серікбаевтан басым түсті.

Айта кетелік, бұл Елдос Сметовтің үшінші Олимпиадасы болмақ. Ол бұған дейін Рио Олимпиадасында күміс, Токио Олимпиадасында қола медаль иеленген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале