Мажарстан астанасы Будапеште өтіп жатқан рейтингтік турнирдің кезекті күнінде біздің палуандар 1 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, әйелдер күресінде 72 кг дейінгі салмақта Жәмилә Бақбергенова Ноеми Сзабадосты жығып, алтыннан алқа тақты.
Осы салмақтағы Гүлмарал Еркебаева қола жүлдегер атанды.
Ал 59 кг дейінгі салмақта Диана Каюмова күміс, Ирина Кузнецова қола медаль жеңіп алды.
zhaikpress.kz