Фрэнк Кэррол Олимпиада және әлем чемпионы Эван Лайсачекті, 5 дүркін әлем чемпионы Мишель Кванды және 2 рет әлем чемпионы болған Линда Фратианнені жаттықтырған. 60 жыл өмірін шәкірт тәрбиелеуге арнаған. 6 жыл бұрын демалысқа шығып, қызметін тоқтатқан еді.
Қазақстандық Денис Тен де Фрэнк Кэрролдың талантты шәкірттерінің бірі болды. Ол 2018 жылы Алматыда қаскөйлер қолынан қаза тапты.