10.06.2024, 23:30
Оқылды: 66

Жаңақалада "Жаңа дауыс" иегері анықталды

Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында "Жаңа дауыс" ән байқауының шешуші кезеңі өтті.

image-10-06-24-11-17

Жас таланттар жобасының финалдық сәті екі кезеңнен тұрды. Әуелі дара шырқалған әндер тыңдалып, екінші байқау өтпелінде тәлімгерлерімен жанды дауыста еркін тақырыпта ән шырқады.

image-10-06-24-11-17-1

Өткізілген 3 кезеңге тағайындалған қазылар алқасы оң бағаларын беріп, қатысушыларды қолдаушы ата-аналарына алғысхат табыс етті.

image-10-06-24-11-17-2

Байқау нәтижесі бойынша Меңдігүл Иманәлиеваның тобы жеңімпаз атанып, 100 мың теңге сертификатымен марапатталса, Жанболат Мұсағалиев пен Анита Қанатованың шәкірттері 50 мың теңгелік сертификатқа ие болды.

Ақерке Мәлікқызы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале