Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов сенатор Бибігүл Жексенбайдың депутаттық сауалына жауап беру кезінде айтты. Бұған дейін депутат бюджетке қол сала бермей, табиғи апаттан келген шығынды өтеу тәсілін өзгертуді ұсынған. Себебі, Қазақстанның 75 пайызы табиғи қаупі жоғары аймаққа жатады. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.
Ал су тасқынынан 13 мыңға жуық жер үй су астында қалған. Депутаттың сауалына жауап берген Үкімет басшысы халықаралық тәжірибені ескеріп, енді төтенше жағдай кезінде міндетті сақтандыру енгізілетінін мәлімдеді.
Ол үшін арнайы жұмыс тобы құрылады. Бұған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жауапты болады.