11.06.2024, 16:15
Оқылды: 94

Өңірлерде екі мың шақырым су құбыры салынады және қайта жаңғыртылады – СРИМ

Бүгінгі таңда республикалық меншікте «Нұра топтық су құбыры» РМК және «Қазсушар» РМК қызмет көрсететін, жалпы 1,4 млн астам халқы бар 660 елді мекенді сумен қамтамасыз ететін, ұзындығы 15,1 мың шақырымды құрайтын 39 топтық су құбыры бар. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

F8A189BD-495F-4587-A5ED-22F140A30B8A

Үкімет отырысында су ресурстары және ирригация вице-министрі Болат Бекнияз мәлім еткендей, 9 облыста 29 жоба іске асырылуда.  Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде 2 мың шақырым су құбырын реконструкциялау және салу жоспарланған. Бұл 437 елді мекенді сумен қамтамасыз етуге, жалпы саны 92 мың адамды құрайтын 44 елді мекен тұрғындарын орталықтандырылған сумен жабдықтау қызметіне қосылуға мүмкіндік береді.

«Бұдан басқа, мемлекеттік сараптама алғаннан кейін іске асырылатын 5 жоба әзірленуде. Нәтижесінде 200 елді мекенді сумен жабдықтау қызметі жақсартылып, қамтамасыз етіледі»,    деп баяндады ведомство өкілі.

Су шаруашылығының тиімділігін арттыру мақсатында жергілікті халықтың тіршілігін қамтамасыз ету және ұйымдастыру бойынша әкімшілік реформаны жүзеге асыру шеңберінде Министрлік топтық су құбырларын әкімдіктердің балансына береді. Маңғыстау облысында осындай 2 нысан берілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале