12.06.2024, 10:46
Оқылды: 61

Қазақстан VIII «Азия балалары» ойындарына 19 спорт түрінен атлет жібереді

25 маусым мен 7 шілде аралығында Ресей Федерациясының Якутск қаласында (Саха Республикасы) VIII «Азия балалары» халықаралық ойындары өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

81b7b60a8be311e6e3dd52150ca1da4b

Биылғы кешенді жарыста 24 спорт түрінен 239 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Бұл мақсатта 16 спорт нысаны іске қосылады. «Азия балалары» ойындарына елімізден 19 спорт түрінен 200 спортшы, 54 жаттықтырушы, 6 төреші барады. Делегация басшысы – Дияс Абайұлы Укмет. Барлық аккредитация 1 маусымға дейін өткен. Қазір жас спортшыларымыз ойынға дайындалып жатыр.

Қазақстан VIII «Азия балалары» ойындарына 19 спорт түрінен атлет жібереді.

25 маусым мен 7 шілде аралығында Ресей Федерациясының Якутск қаласында (Саха Республикасы) VIII «Азия балалары» халықаралық ойындары өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Биылғы кешенді жарыста 24 спорт түрінен 239 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Бұл мақсатта 16 спорт нысаны іске қосылады. «Азия балалары» ойындарына елімізден 19 спорт түрінен 200 спортшы, 54 жаттықтырушы, 6 төреші барады. Делегация басшысы – Дияс Абайұлы Укмет. Барлық аккредитация 1 маусымға дейін өткен. Қазір жас спортшыларымыз ойынға дайындалып жатыр.

1)      Баскетбол 3х3 – 8 спортшы (қыздар, ұлдар), 2 жаттықтырушы (10 адам).

2)      Бокс – 17 спортшы (қыздар, ұлдар), 5 жаттықтырушы, 1 төреші (23 адам).

3)      Волейбол – 24 спортшы (қыздар, ұлдар), 6 жаттықтырушы және 1 төреші (31 адам).

4)      Дзюдо – 17 спортшы (қыздар, ұлдар), 2 жаттықтырушы және 1 команда өкілі (20 адам).

5)      Жеңіл атлетика – 26 спортшы (қыздар, ұлдар), 6 жаттықтырушы және 1 команда өкілі (33 адам).

6)      Үстел теннисі – 4 спортшы (қыздар, ұлдар), 2 жаттықтырушы және 1 команда өкілі (7 адам).

7)      Жүзу – 14 спортшы (қыздар, ұлдар), 4 жаттықтырушы және 1 команда өкілі (19 адам).

8)      Нысана көздеу – 4 спортшы (қыздар, ұлдар), 2 жаттықтырушы, 1 команда өкілі және 1 төреші (8 адам).

9)      Самбо – 12 спортшы (қыздар, ұлдар) және 2 жаттықтырушы (14 адам).

10)    Еркін күрес – 16 спортшы (қыздар, ұлдар), 4 жаттықтырушы және 1 команда өкілі (21 адам).

11)     Грек-рим күресі – 7 спортшы және 2 жаттықтырушы (9 адам).

12)    Стенд ату – 4 спортшы (қыздар, ұлдар), 2 жаттықтырушы және 1 төреші (7 адам).

13)    Таеквандо – 10 спортшы (қыздар, ұлдар), 2 жаттықтырушы, 1 команда өкілі және 1 төреші (14 адам).

14)    Көркем гимнастика – 7 спортшы, 2 жаттықтырушы және 1 төреші (10 адам).

15)    Шахмат – 4 спортшы (қыздар, ұлдар), 2 жаттықтырушы және 1 команда өкілі (7 адам).

16)    Құзға өрмелеу – 6 спортшы (қыздар, ұлдар), 2 жаттықтырушы және 1 команда өкілі (9 адам).

17)    Го – 2 спортшы, 1 жаттықтырушы және 1 команда өкілі (4 адам).

18)    Алыш – 9 спортшы (қыздар, ұлдар), 3 жаттықтырушы және 1 команда өкілі (13 адам).

19)    Кураш – 9 спортшы (қыздар, ұлдар), 3 жаттықтырушы және 1 команда өкілі (13 адам).

Алдағы материалдарда Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі әр спорт түрі бойынша жеке материалдар легін ұсынады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале