12.06.2024, 15:02
Оқылды: 101

Оралда «Біз таза ел үшін» акциясы өтті

Батыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Оның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту, патриотизмге тәрбиелеу, қоршаған ортаның тазалығын және экологияны сақтау, деп хабарлайды БҚО Қоғамдық даму басқармасы.

FCB3AACF-E771-429A-A3C7-0C330EA59D7B

Оралда осы экологиялық акция аясында облыс жастарының бастамасымен «Біз таза ел үшін» қоқыс жинап жарысу шарасы өтті. Акцияға 200-ге жуық адам қатысып, экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, туған жерге деген сүйіспеншілікті оятудың нағыз үлгісін көрсетті.

«Бұл іс-шараның мақсаты – халық арасында экологиялық белсенділікті дамыту және кеңінен насихаттау. Бүгін 200 қап қоқыс жиналды. 200-ден астам ерікті осы игі іске атсалысып, бірнеше сағаттың ішінде қаламызды қоқыстан тазалап шықты. Қатысушылар мүмкіндігінше көп қоқыс жинауға тырысты. Жалпы биыл қалада 20-ға жуық акция өткізуді жоспарлап отырмыз», - дейді облыстық Жастар рухының төрағасы Архат Исламғали.

FAAD5BC2-7A01-4FCE-850F-29B4923FCEE7

Облыс жастары орталық базар аумағын таңдап, бастамашылдық жасады. Өйткені олардың пікірінше, бұл учаске қаладағы ең ластанған аумақ саналады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экологиялық шаралар алдағы уақытта да жиі өткізіліп тұрады.

Сәуір айы бойынша ұйымдастырылған санитарлық тазалық айлығына 12 944 тұрғын, 3 321 мекемелер мен кәсіпорындар қатысты, 231 парктер мен сверлер жиналды, 44 мыңнан астам әртүрлі ағаш көшеттері отырғызылды, 1 221 әлеуметтік, 3 307 кәсіпкерлік және өнеркәсіптік нысандарға, 525 тарихи-мәдени ескерткіштерге тазалық жұмысы жүргізілді.

E96FA060-B152-4AD0-A218-B9C3A6A1C125

Экологиялық айлыққа 1 134 техника жұмылдырылып, 49 102 тонна қоқыс шығарылды. Тазалық айлығы аясындағы абаттандыру жұмысы жыл соңына дейін жалғасын табады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале