13.06.2024, 10:49
Оқылды: 136

Мұхиттың мұрагерлері Тасқалаға барды

Өнер – халық тарихының шежіресі. Музыка – адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз ғажайып дүние.

E4FA0C8D-05B6-4651-8E77-62CA96269CE7

Биыл халық әртісі, мемлекет қайраткері, әнші, композитор Ғарифолла Құрманғалиевтың туғанына – 115 жыл толуына орай аудандық мәдени демалыс орталығында «Мұхиттың мұрагерлері» жобасы аясында Батыс дәстүрлі ән мектебі өкілдерінің концерттік кеші өтті. Оған жиналған көрермендер  Мұхит пен Ғарифолла Құрманғалиевтен қалған әуезді әндерді тыңдап, өнер туындыларын шынайы таза жүрекпен қабылдап, өте керемет көңіл-күй мен тамаша әсер алды.

Өткен тарихымызға үңілсек, халқымыздың маңдайына біткен күйлері керемет. Сол кездері небір шығармаларды орындап, ұлттық өнерімізді дамытуға, еркін қанат жаюына ықпал етті. Ендеше, домбыра тартып, ән айтуды ұлттық өнеріміз бен сонау ертеден келе жатқан дәстүріміз деуге болады.

Ғаpифолла Құрманғалиев 1909 жылы 1 қаңтарда қазіргі БҚО, Қаратөбе ауданы, Ақкөл елді-мекенінде өмірге келген. Ол жастайынан әке-шешесінен айырылып, ағайын ағаларының қолында өседі.

Бала күнінен ән өнеріне жаны жақын Ғарифолла өзінің талантымен талайды тамсандырған жан. Ол туралы естеліктерде оның орындауындағы халық әндері асқақ та көркем әуезділігімен аспан биігіне самғап, әуелеткен сайын жан мен жүрек бітіп, ғаламат дауыс сазына дала кеңдігіне өзінің көңіл толқынысын бітістіре сыйғыза салатын.

Ғарифолла Құрманғалиев орындаған әндер әлі де халық құлағынан кете қойған жоқ. Қазақтың күміс көмей әншісі халық мұрасын бүгінгі күнге жеткізуде үлкен еңбек атқарған. Оның қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегі орасан. Қазақтың біртуар азаматының құрметіне орай Орал қаласындағы облыстық филорманияға оның есімі берілді.

Шара соңында жоба авторы Бауыржан Халиолла сөз алып, аудан халқына алғысын білдірді. Аудандық маслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева аудан әкімінің атынан алғысхат пен естелік сыйлық табыстады.

Назерке Шайхолла

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале