Атырауда 5 жасар бала тісін жұтып қойып, тұншығып қалған, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Фото: pixabay.com
11 маусым күні кешкі сағат 19:23-те «103» пультіне кішкентай бала қақалып жатқаны жөнінде шақырту түскен. Жедел жәрдем бригадасы бес минут ішінде жеткен кезде 2019 жылы туған бала ес-түссіз жатқан.
Реанимациядан кейін де балада кері клиникалық өлім белгісі байқалған. Жедел-жәрдем автокөлігінің ішінде ауруханаға жеткенше үш рет жүрегі тоқтап қалды. Оған жасалған реанимация сәтті болып, бала ауыр жағдайда Атырау облыстық балалар ауруханасының реанимация бөлімшесіне жеткізілді. Қазір жансақтау бөлімінде.