12.06.2024, 22:54
Оқылды: 157

Жаңақала ауданы: ақ халатты абзал жандар құрметке бөленді

Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында халықаралық медицина қызметкерлері күніне арналған «Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған» атты мерекелік концерт өтті.

image-13-06-24-10-29-2

Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісі медицина қызметкерлері күні ретінде тойланып келеді. Бұл дәстүр Кеңестер одағының Жоғары Президумының қаулысы бойынша 1980 жылдың 1 қазанында қабылданған «Мерекелік және атаулы күндер туралы» жарлыққа сәйкес белгіленген. Сол жылдан бастап, аталмыш күнде медицина ұжымына ерекше құрмет көрсетіліп, ыстық тілектер арналып келеді. Бүгінде халық игілігі мен денсаулық жолында ауданымыз бойынша аурухана мен «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығы қызметкерлері аянбай еңбек етуде. Жиын басында аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлына сөз кезегі беріліп, барша қызметкерлерді төл мерекелерімен құттықтай отыра, мерекелік марапаттар мен сыйлықтар табыс етті.

image-13-06-24-10-29

Әрі қарай, аудандық мәслихат төрағасы Қамбар Каменов, аудандық Аманат партиясы филиалының атқарушы хатшысы Қуаныш Серікұлы және аудандық аурухана бастығы Ербол Сағынғалиұлы мен «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығының басшысы Қобылан Бекенов алғыс хаттар тарту етті. Сонымен қатар, осы саланың өнерпаздары тарту ретінде ән шырқап, би биледі.

image-13-06-24-10-29-1

2023 жылы аудан бойынша 4 жедел-жәрдем көлігі қолданысқа берілсе, биылғы жоспарда да 4 көлікпен қамтамасыз ету тізімде бар. Аудандық аурухана 21681 халық санына қызмет етеді. Аудан бойынша 5 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт, 13 медициналық пукнт бар.

Ақерке Мәлікқызы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале