Жасаған жақсылығын жария етпеген қазақ оң қолың бергенді сол қолың көрмесің дейді. Дегенмен «Пойма Май Комбинаты», «Белес Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Мұрат Жәкібаев пен «Басов» жеке кәсіпкерлігінің иесі Андрей Басовтың Құрбан айт мерекесі қарсаңында өз жерлестерін қуантқан қайырымдылығын айтпай өтпесе, болмай тұр.
Дархан көңілді Мұрат Орынбайұлы 40 адамға азық-түлік пен 5 келі еттен үлестірсе, Андрей Александрұлы қой сойып, 4 адамға бөліп берді.
Атымтай жомарт деген атқа әбден лайық теректілік кәсіпкерлердің кәсібі дөңгелей берсін!
Ақтілек Әлібекұлы,
Теректі ауданы