17.06.2024, 15:00
Оқылды: 177

Атырауда әйелге жасалған шабуыл видеоға түсіп қалды

Атырауда тұрғын үйлердің бірінде әйелге қарақшылық шабуыл жасаған ер адам іздестірілуде, деп хабарлайды baq.kz.

4C92C06C-AFBD-4276-BFE0-3B6B0FA2334E

Фото: скриншот

Ер адам әйелді үйдің кіреберісінде торуылдап тұрып, пышақтап кеткен. Атырау облысы ПД баспасөз қызметі аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді.

9 маусымда 33 жастағы әйелді өлтіруге оқталған 29 жастағы күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктінің аты-жөні белгілі болды. Қазір жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Сот медициналық сараптама басталды, - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, күдікті мен зардап шеккен әйел азаматтық некеде болған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале