«Мерейлі отбасы-2024» конкурсына өтінімдерді қабылдау аяқталды. Биыл Қазақстанның ең үлгілі отбасы атағына 3 369 үміткер қатысуға ниет білдірген. Бұл жөнінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сурет: аталған министрліктен
Өтінімдердің басым бөлігі Қарағанды, Жетісу, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Астана мен Алматыда қабылданды.
Ұлытау, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының тұрғындардың белсенділігі төмен болды.
Өтінімдер тек қатысушылардың атынан ғана берілмеген, 1 482 отбасын ұйымдар мен еңбек ұжымдары ұсынған.
Дәстүр бойынша «Мерейлі отбасы» конкурсының марапаттау рәсімі Отбасы күні қарсаңында өткізіледі. Жеңімпаздар 1 миллион теңгеден алады.
Айта кетейік, 10 жыл ішінде ұлттық байқауға 20 мыңнан астам отбасы қатысқан.