Алаяқтар азаматтарға хабарласып, банк картасы мен жеке басты куәландыратын құжаттың деректерін сұрайды. Олардан опық жемес үшін қандай қауіпсіздік қағидаттарын білген жөн. Бұл жөнінде Ұлттық арна жазды.
Фото: pixabay.com
Сонымен банк картасының 16 таңбалы нөмірін, ондағы латын әрпімен жазылған аты-жөніңізді ашық көрсете беруге болады. Бірақ карта жұмысының аяқталу мерзімі мен артқы беттегі 3 таңбалы СВВ кодын ешкім білмеуі керек.
Ал жеке куәліктегі аты-жөніңіз бен туған ай-жылыңызды хабарлауға болады. Дегенмен құжаттағы ЖСН нөмірі мен куәлік нөмірін ешкімге айтпаған дұрыс.
Сондай-ақ куәліктің фотосын өзгеге жібермеу керек.