21.06.2024, 10:30
Оқылды: 91

Қазақстанда 62 мемлекеттің қатысуымен халықаралық конференция өтеді

Мәжіліс «Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхит министрлік конференциясын ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

57D832AC-D6D0-4E49-A25A-90BE38F35369

Фото: Pexels

Заң жобасын таныстырған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев бұл конференцияның Қазақстанға не беретінін айтты. 

«Өздеріңізге белгілі, қазіргі таңда министрлік тарапынан цифрландыру саласында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Ол жұмыс халықаралық даму институттарының оң бағасын тауып, әлемге танымал. Көптеген мемлекет біздің тәжірибемізді зерттеп біздің цифрлық шешімдерімізге қызығушылық танытып отыр. Осыған орай, 2023 жылғы 19 мамырда Азия және Тынық мұхиты комиссиясының 79-шы сессиясында Цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі министрлік конференциясын өткізу және Цифрлық орталықты құру жөніндегі Қазақстанның бастамасын 62 мемлекет қолдады. 2024 жылғы 22 сәуірде Бангкок қаласында БҰҰ Азия және Тынық мұхиты комиссиясының 80-ші сессиясы шеңберінде аталған конференцияны өткізу келісіміне қол қойылды», - деді ол.

Министр бұл конференция Қазақстанның IT-экспортының өсуіне жол ашады.

«Конференция барысында 62 елдің делегаттары мен халықаралық ұйымдардың сарапшыларына біздің Govtech шешімдер мен стартаптар көрмесі ұйымдастырылады», - деді министр.

Депутаттар аталған құжатты ратификациялау туралы шешім қабылдады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале