21.06.2024, 16:00
Оқылды: 196

Теректіде қос саланың қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Теректі аудандық мәдениет үйінде ҚР Мемлекеттік қызметші және Қазақстан Полициясы күніне арналған мерекелік концерт өтті. Мемлекеттік қызметші – мемлекеттің айнасы болса, полиция қызметі азаматтардың тыныштығы мен құқығының қорғаны. Шара шымылдығы Мемлекеттік Гимн шырқаудан басталды. Одан соң сахна төріне көтерілген  аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова жиналғандарды кәсіби мерекемен құттықтады.

21441A48-FFE7-4817-BEFC-770E7ED4F6DD

– Сіздерді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер күні және Қазақстан Полициясы кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік қызмет халықтың сенімін ақтап елге қызмет жасау сынды үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қазіргі таңда ауданымызда 148 мемлекеттік қызметшілер әлеуметтік-экономикалық даму бағытында  еңбек етуде. Сіздердің күш-жігеріңіз бен қажыр-қайратыңыз алдағы уақытта да халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталатынына сенімдімін.

Полиция қызметкерлері заңның орындалуын, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жауапкершілігі мол әрі қатері мол сала. Еліміздің тыныштығы үшін қауіпсіздікті сақтап, қылмыстық іс-әрекеттердің алдың алу жолында полиция қызметкерлерінің  күнді-түнге жалғаған еселі еңбектеріңіз әрдайым ел есінде жүрері анық. Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген абыройлы атақтарыңызды арқалап жүре беріңіздер. Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін! Ел үшін жұмылған жұдырықтай болып, бірге қызмет атқара берейік, - деді аудан басшысы Әлия Биғазықызы.

5ACDD2A8-A3FF-4BD6-924F-2792C08E90E5

Ел басына сын сағаттар туып, адам қауіпсіздігі үшін алаңдаған төтенше жағдай кезінде белсенділік танытқан бірқатар мереке иелеріне алғысхат табысталды. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің атынан Айгүл Биалиева (Богдановка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы), Талғат Аманбаев (Теректі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы), Балқаным Сүлейменова (Покатиловка ауылдық округі әкімі аппаратының  маманы), Саттар Төлегенов (Ақсуат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы), аудандық полиция бөлімі Ақжайық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Дидар Ахметов, аудандық полиция бөлімі ақпарат және байланыс тобының аға инспекторы Руслан Жексенов марапатталды. Теректі аудандық полиция бөлімінің бастығы Кенжебек Рахметов облыстық полиция департаменті бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиевтың алғысхатын аудандық полиция майоры Әділбек Баймұханов және аудандық кәмелет жасқа толмағандар жөніндегі инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұрхат Досқалиев иемденді.

Сонымен қатар республикалық мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті атынан  аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бірыңғай қызметі және мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инеспекторы Айнұр Қанатова, Аңқаты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Азамат Ахметов, облыстық салалық кәсіподақ атынан аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Сәуле Бусурманова, Ұзынкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қадыр Разиев алғысқа лайық деп танылды.

E26AA9BA-A0FF-4632-B171-D4A92871E841

Шара барысында бірқатар мемлекеттік және полиция бөлімінің қызметкерлеріне аудан басшысының алғысхаты табысталды.

Марапаттау рәсімі одан әрі мәдениет үйі өнерпаздарының әсем әндеріне ұласты.

Жауһар Нұрым

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале