21.06.2024, 17:50
Оқылды: 65

Жәнібекте ауыл ақсақалдарымен кездесу өтті

Жәнібек ауданына жұмыс сапарымен жерлесіміз, Талов ауылының тумасы, облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева келді.

1749931B-5A76-491F-9DF8-55A3274EDF95

«Үлкенге құрмет» демекші, басқарма басшысы Гүжанар Болатқызы алдымен «Ардагерлер ұйымы» РҚБ аудандық филиалына барып, ауыл ақсақалдарымен кездесті. Филиал төрағасы Амангелді Уәлиев ардагерлер үйінің жұмысымен таныстырып, ауданның белсенді ардагерлерімен кездесу ұйымдастырды. Амангелді Мырзағалиұлы Гүлжанар Шөкееваның әкесін көре қалғанын айтып, естеліктерімен бөлісті. 

Қариялармен кездескен басқарма басшысы өзінің өмірбаянына тоқталды.

72F7DA54-735B-4F6A-8F10-C738EE85E137

– 1967 жылы Талов ауылында дүниеге келдім. Мектепті бітіргеннен кейін Алматы қаласында оқыдым. Негізгі мамандығым – химия, биология пәндерінің мұғалімі. Алматыда мұғалім болып істеп жүріп, ішкі саясатқа бет бұрдым. Бірнеше жыл Алматы қалалық ішкі саясатта, төрт жыл ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде, екі жыл Президент әкімшілігінде, жеті жыл Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасында жұмыс жасадым. Содан батысыма қайта оралдым. Ақмолада істеп жүргенімде үлкенді-кішілі амандасып, батыстан келіп жұмыс істеген Нәжімеден Есқалиев пен Бисен Жұмағалиевтің жерлесі деп сыйлағандар көп болды. Сол себепті Жәнібектің табалдырығын аттаған кейін бірден қара шаңыраққа келіп, ауданның үлкендеріне сәлем беріп кетуді жөн көрдім, - деп Амангелді Мырзағалиұлына ардагер үйін республика деңгейіне танымал етіп, батыстың абыройын асқақтатып жатқаны үшін өз атынан алғысхат пен Ақжайықтың Ақ шағаласы Ақұштап Бақтыгеерваның әлі тұсауы кесілмеген жаңа «Ана жүрегі» атты кітабын табыстады.

Өз кезегінде Амангелді Уәлиев ауданның 100 жылдығында жарық көрген, аудан ардагерлерінің еңбектері жарияланған «Ғасырға үлес қосқандар» атты кітапты сыйға тартты. 

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале