23.06.2024, 15:00
Оқылды: 220

Жас маманнан бас маманға...

Мемлекеттік қызметтің айналасы толған шектеулер. Мынаны болмайды, ананы болмайды деген секілді тыйым салулар аз емес. Ол қызметте сіз бен біз білетін азаматтар жүргендіктен оның қаншалықты қиын екенін көріп-біліп жүрміз. Сондықтан жан-жақтан бақылауда жүретін бұл қызметті екінің бірі дөңгелете алмасы анық. Алайда осы жолда жемісті де жеңісті еңбек етіп жатырған жандар баршылық. Және мемлекеттік қызметкерлер қатары жыл санап, аз-аздан болса да артып келеді. Ол үшін арнайы заңнамалар қабылданып, мемлекеттік қызметке жастарды тарту жағы қарастырылуда.

- Мемлекеттік қызметшіге қойылатын ең басты талап – мемлекет пен халық мүддесінің алдында тікелей жауаптылық. Өз кезегінде мемлекеттік қызметшілерге артылатын міндет те, сенім де өте жоғары. Олар мемлекеттің бет-бейнесі. Өз қызметін атқару барысында заңдылық, патриотизм, ашықтық, нәтижелілік, тиімділік, әдептілік қағидаттарын берік ұстануы керек. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметті өткеру кезінде жалпыға бірдей моральдық-әдептік нормаларды сақтап, қарапайым түрде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзінде асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс. Мемлекеттік қызметке кіру оңай болған күннің өзінде де мемлекеттік қызметті атқару өте қиын. Сондықтан да мемлекеттік қызметті абыроймен өткеру, мемлекеттік қызметші болу үлкен мәртебе,-дейді Бөрлі ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ерік Төлепқалиев.

Мемлекеттік қызметке түсуді жеңілдету мақсатында мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтардың бірі – жоғары оқу орындарын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орташа 3,33 GPA мәнімен аяқтаған үздік түлектердің аудан мен ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстан өтпей уәкілетті органның келісімі негізінде тағайындала алады. Бұл кешенді шаралардың барлығы білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыру, өңірлердегі кадр тапшылығын шешу үшін қабылданған норма. Осы заңнаманың негізінде Бөрлі ауданына төрт жас маман келіп, мемлекеттік қызметкерлер қатары көбейіп жатыр. Атап өтер болсақ мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің түлегі Нуретов Нұрхан Бөрлі ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы лауазымына, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің түлегі Айтуғанов Санжар Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы лауазымына, Алматы технологиялық университетінің түлегі Жолбатырова Альбина Бөрлі ауданы Пугачев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің түлегі  Құмарғали Ернұр Бөрлі ауданының үй инспекциясы бөлімінің бас маманы лауазымдарына конкурссыз тағайындалды.

Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби мерекесі қарсаңында жас мамандарға бір-екі ауыз сұрағымызды жолдап, пікірлерін тыңдап көрдік. Жігері жалындаған, жаны алау жастардың пайымды пікірін сіз де біле жүріңіз.

  1. Мемлекеттік қызметке қалай келдіңіз?
  2. Оның басқа қызметке қарағанда артықшылығы мен жауапкершілігі қандай?
  3. Енді оқу бітірген жас маман үшін бас маман болу қаншалықты қиын?
  4. Жас маманан жақсы тілек?

Санжар Айтуғанов:

InShot_20240622_233030285

  1. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Бөрлі ауданы әкімі аппаратының кадр бөліміне хабарласып, мемлекеттік қызметке орналасудың жаңа тәсілімен конкурссыз тағайындау мүмкіндіктері туралы түсіндірді. Аудан бойынша бос лауазымдар мен мемлекеттік қызметтегі шектеу, мемлекеттік қызметші қандай болу керек екені жайында жалпы айтып өтті. Кейін менің білім алған мамандығым бос лауазымға сай келуіне байланысты менде мемлекеттік қызметке орналасуға мүмкіндік болды. Мен жоғары оқу орнын жоғары көрсеткішпен және грант бағдарламасы аясында аяқтадым.Талаптарға сай болғаннан кейін ұсынылған лауазымды қабылдап, еңбек жолымды мемлекеттік қызметтен бастадым. Мемлекеттік кызмет, мемлекеттік қызметтегі шектеулер және әдеп кодексімен кадр бөлімі толықтай таныстырды. Өзімнің еңбек жолымды мемлекеттік кызметтен бастағым келді, сондықтан осыны мақсат етіп Бөрлі ауданына жұмысқа келдім.
  2. Мемлекеттік қызметте, негізінен, азаматтардың білімі мен біліктілігі өте маңызды рөлге ие. Әрбір маман алдымен мемлекеттік қызметтің жауапкершілігін сезіне білуі қажет. Мемлекеттік қызметшіге жүктелген міндет — халықтың сенімін ақтап, Отанға қалтқысыз қызмет ету.

3.Бас маман болудың өзіндік қиындықтары және ауыртпашылықтары. Мен алғаш келген кезден бастап ұжымдағы мамандар маған барлық нәрсені үйретіп, менің міндеттеріммен толық таныстырды. Қазіргі кезде мен бас маман кызметімен танысып, үйреніп жатырмын.

  1. Еліміздің көк байрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!

Ернұр Құмарғали:

Ернур

1.Әр адамның өмірінде мамандық таңдауы үлкен орын алады. Менде қолыма көптен күткен дипломды алғасын көп ойландым. Магистратураға түсіп білімімді тереңдетемін бе немесе өндіріске барамынба  деген ойлар мазалайтын. Осы оймен отбасыммен бөліскенімде Атам "Балам кім болсаң да елге пайдалы адам бол",-деді. Бұл жасанды оқиға болып көрінгенмен, болған оқиға. Атамның өзі жастайынан еңбекке араласып мемлекеттік қызметте көп жылдар істеген жан. Жаңақала ауданының құрметті азаматы. Сол кездегі атамның сөзі менің бағытыма айналып, маған үлкен ой тастады. Сөйтіп алғаш еңбек жолымды  "Орал қаласы құрылыс бөлімі" ММ-де бастадым. Ол жерде практикада өтіп жүріп мемлекеттік қызметке ынтам арта түсті. Қазіргі уақытта түлектерді конкурссыз тағайындау бағдарламасымен Бөрлі ауданы тұрғын үй инпекция бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалып, елге қызмет етудемін. Негізі ата-анам менің дәрігер болғанымды қалаған еді. Бірақ менің таңдауым мемлекеттік қызметке түсті. Мемлекеттік қызметші дәрігер болмаса да,адамдардың қоғамдық-әлеуметтік сұрақтарын шешуге көмектеседі ғой. Сондықтан        ата-анамның қалауын толықтай болмаса да, жартылай орындадым деп ойлаймын.

  1. Қандай жұмысты алсаңыз да оның артық тұстарымен кем тұстары болары сөзсіз. Сондықтан әр адам өзі таңдаған жұмысты жіті зерттеп келгені дұрыспа деп ойлаймын. Өз басыма мемлекеттік қызмет ұнайды. Елдің көркейуіне атысалысу, халықтың мәселерін шешу, көмектесу мемлекеттік қызмет ұғымының шет жағасы ғана.
  2. Иа, мемлекеттік қызмет жауапкершілікті қажет етеді. Әрбір айтылған сөз бен қабылданған шешімді халық үкіметтің сөзі мен іс-қимылына балайды. Жеті рет өлшеп бір рет кес демекші әрбір іске жауапкершілікпен қараған жөн.
  3. Барлық мемлекеттік қызметшілерді алдағы келе жатқан кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға бақ береке тілеймін.

Еліміз аман, туымыз тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Альбина Жолбатырова:

InShot_20240622_233338018

1.Мен ЖОО-да мемлекеттік грант шеңберінде білім алған, бағасы яғни GPA 3,33-тен төмен емес түлектер, оқуды тәмамдаған соң 1 жыл ішінде конкурссыз аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі лауамыздарға орналаса алады деген ақпаратты оқу бітірген жылы күзде естідім. Орал қаласындағы маслихат бөліміне барып құжаттарымды өткіздім. Бір апта уақыт өткесін Бөрлі ауданы әкімі аппаратының кадр бөлімі хабарласқан болатын. Бос мемлекттік лауазымдарды көрсетіп бағыт бағдар берді. Қызметтегі алғашқы баспалдағы осылай басталған жас маман болдым. Мамыр айның 27сі күні Пугачев ауылдық округінің Бас мамамны лауазымына тағайындалдым.

  1. Мемлекеттік қызмет дегеніміз үлкен жауапкершілік. Жұмыс беруші мен жұмыс істейтін азаматтар арасындағы қарым-қатынастарды, еңбек кодексінде жазылған қағидалар мен нұсқаларды қадағалау біз үшін басты қағида. Сондықтан бұл қызметте жұмыс істеген үлкен жауапкершілік деп есептеймін. Қоғамда көптеген қызметтің түрлерін көріп жатамыз. Олардың бір-біріне ұқсамайтын сан алуандылығы бар. Педогогтік, емдеу ісі, шығармашылық, жеңіл және ауыр өнеркәсіп, қызмет көрсету, өндіру сынды бөліне береді.

Осы салалардың барлығында да бақылау функцияларын іске асыратын мемлекеттік құрылымдар бар. Ал олардың негізі қызметінің түрі – мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызмет басқару формасына сәйкестене отырып кәсіпкерлікпен, өндірушілікпен айналыспайды. Оған мемлекеттің функциялары мен міндеттірін тікелей атқару жүктелген.

  1. Еліміздегі мемлекеттік басқару ісінде кейінгі жылдары жастардың қатары артып келеді. Бұл әрине, ең алдымен елімізді жаңаша қырынан дамытуға, мемлекеттік қызметтің беделі мен жұмыс өнімділігін арттыруға көптеген мүмкіндіктер беретіні анық. Әрине енді оқу бітірген жас маман болып тәжірбиесіз бірден үлкен жауапкершілікті талап ететін лауазымға лайықты бас маман болу үлкен абыройлы іс. Білімімді әрі қарай жетілдіріп, біліктілігімді көтеру арқылы мемлекеттік басқарудың басқа да салаларында бағымды сынап көргім келеді. Ол үшін мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтарды жатсынбай қабылдауым қажет. Ынта-жігер болса, барлығын игеруге болады. Ең басты мақсатым – халықтың мемлекеттік қызметке деген сенімі мен құрметін арттыру. Еңбекқор жастарымыздың арқасында қоғамның алға жылжып, қарыштап дамитыны айтпаса да түсінікті. Ендеше, белсенді жасымыздың арман-мақсаттарының орындалуына тілектеспіз.
  1. 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын, атқарып жатқан жұмыстарыңызға табыс, мемлекетіміздің көркеюіне бірге үлесімізді қосуға тілектеспіз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілеймін!

Нуретов Нұрхан:

InShot_20240622_233503584

  1. Мен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық университеті біттіріп өз мамандығымен Астана қаласында жұмысқа орналастым онда мен 9 ай жұмыс жасап жұмысым өзіме ұнамады сондықтан аусуды шештім. Жұмыс іздеп жүріп, әлеуметтік желі арқылы Бөрлі ауданында бос вакансия барын көрдім. Бөрлі ауданы әкімі аппаратының кадр бөліміне хабарласып, мемлекеттік қызметке жұмысқа оналасу туралы нақты ақпарартарды сұрадым. Мен алған білімім бойынша Бөрлі ауданында Құрылыс бөлімде бас маман лауазымы бос болған соған орналасуды шештім. Өзімнің еңбек жолымды мемлекеттік қызметтен бастағым келді. Бөрлі ауданы сәлет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне бас маман міндеттін атқарушы болып жұмысқа орналыстым.
  2. Мемлекеттік қызметте, азаматтардың білімі мен біліктілігіне үйретеді. Әрбір маман алдымен мемлекеттік қызметтің жауапкершілігін сезіне білуі қажет. Жауапкершілігі мемлекеттік қызметшіге жүктелген міндет — халықтың сенімін ақтап, Отанға қалтқысыз қызмет ету.

3.Бас маман болудың өзіндік қиындықтары және ауыртпашылықтары бар. Мен Бөрлі ауданына бас маман болып кіргенен бастап маған қасымдағы ұжымдастарым көмек берді бас маман міндеттеріммен толық таныстырды. Қазіргі кезде жұмысымды бар ынтаммен жасап жатырмын.

  1. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын, көкбайрағымыз көкке көтеріле берсін!

 

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале