23.06.2024, 18:00
Оқылды: 109

Жәнібектік спортшы абсолюттік салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды 

Жуырда Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында қол күресінен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында «Жеңімпаздар айқасы» қалааралық турнир өткен болатын.

InShot_20240622_213407208

Аталған турнирдің салтанатты ашылуына Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Исанов, «Орал» спорт клубының директоры О.Ғилымов, спорт ардагері, ұстаз жаттықтырушы, гір спортынан екі дүркін Азия чемпионы Н.Коломоец, БҚО гір спорты және қол күресі федерациясының президенті М.Ибатов қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Турнирге Ақтау қаласы, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы мен Қарақия аудандары, Ақтөбе облысының Әйтеке би мен Шалқар аудандары, Атырау облысы, Ақжайық, Бөкей ордасы, Бөрлі, Бәйтерек, Жаңақала, Шынғырлау, Қаратөбе, Казталов, Сырым, Тасқала, Теректі, Жәнібек аудандары мен Орал қаласының құрама командалары қатысты. Жарыста Жәнібек аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қол күресі спорт түрі бойынша түлегі Жалғас Берікғалиев +60 келі абсолюттік салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, Жәнібек абыройын асқақтатты.

Гүлзара Мәди, 

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале