23.06.2024, 23:00
Оқылды: 131

Бәйтерек ауданында мәдениет қызметкерлері спартакиадасы өтті

Бәйтерек ауданына қарасты Достық ауылдық округындағы Чувашин ауылында мәдениет саласы қызметкерлері арасында аудандық спартакиада өтті. Ауданымыздың 85 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған бұл сайысқа тоғыз команда қатысты. Айта кету керек, бұл командалар сапында 29 ауылдан келген мәдениет саласы қызметкерлері болды.

20240621_111716 (1)

Спортты дамыту және салауатты өмір салтын ұстануды мақсат еткен сайысқа қатысушылар 8 ойын түрінен сынға түсті.

- Мәдениет саласы қызметкерлерінің біздің ауылдық округқа атбасын бұрып, спорттық ойындар бойынша сынға түсіп жатқанына қуаныштымыз. Бұл спартакиада ауылдарымызда бұқаралық спортты дамытуға, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына игі ықпалын тигізеді деп үміттенеміз. Ауылда ұйымдастырылған болған соң спорттың кейбір түрдері далада, ал отырып ойнайтын түрлері арнайы тігілген киіз үйде өтеді. Киі үй құру және басқа да жұмыстарға жергілікті мәдениет үйінің қызметкерлері біраз тер төкті. Сол үшін де оларға алғысымызды айтамыз. Айта кетейін, биыл ақпан айында ауылдық округ орталығында мүгедекті бар жандар арасында осындай жарыс өткізіп едік. Бүгін мына спартакиада болып ауылдастарымыздың көңілі бірленіп қалып жатыр. Алдағы уақытта да мұндай іс-шаралар ұйымдастырылып, жергілікті тұрғындардың көңілдеріне шаттық сыйлаймыз деп ойлаймыз,- деді спартакиаданың ашылу салтанатында сөз алған Достық ауылдық округының әкімі Әбубәкір Төлеуов.

IMG-20240622-WA0051

Барлық команда жақсы дайындықпен келгені бірден білінді. Жарыстар тартысты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша жамбы атудан ерлер арасында чировтық Асылбек Әжеев топжарды. Бесасықтан мичуриндық Олимпиада Жақыпова бас жүлде алса, ерлер арасында асық атудан үлкеншағандық Артур Мерғалиев үздік болды. Дойбыдан махамбеттік Әделя Абдрахманова жеңімпаз атанса, арқан тартыста аудандық мәдениет үйі командасына тең келер ешкім болған жоқ. Шахмат ойынында 1-орынды зеленыйлық Анатолий Колош иемденсе, жағажай волейболында "Жалын" командасы мықытылғын көрсетсе, шағын футболдан "Тауасар" командасы жеңіс тұғырына көтерілді.

IMG-20240622-WA0054

Сөйтіп жалпыкомандалық есеп бойынша Озерный, Рубежин, Красноармейск, Январцев ауылдарынан келген мәдениет саласыны қызметкерлерінің "Искра" командасы бас жүлдені иемденді. Екінші орын аудандық мәдениет үйінің командасына бұйырса, қола медальді Мичурин, Асан, Достық, Чувашин, Байқоныс, Володар ауылдары өкілдерінен құралған "Жалын" командасы алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, медаль және естелік сыйлықтар табысталды.

Салтанат Серікбайқызы,

Бәйтерек ауданы

Достық ауылдық округі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале