24.06.2024, 9:45
Оқылды: 164

Су тасқыны: Жаңадан салынған үйлердің сапасына кім жауапты?

Бүгінде су басқан өңірлерде тұрғын үй құрылысы қызу жүріп жатыр. Кейбір өңірлерде баспана пайдалануға берілді. Осы орайда Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінен жаңа үйлердің уақтылы тапсырылуы мен сапасына жауапты органды сұраған едік.

C11F119D-3A0A-4234-B53B-BE124DEE6AC7

Фото: ҚР Үкіметі

«Заңнама талаптарына сәйкес, сапаны бақылау құрылыс субъектілеріне, яғни жобаны іске асырудың барлық кезеңінде жүзеге асырылатын техникалық қадағалауға, (сапасына, мерзіміне, құнына, орындалған жұмысты қабылдауға және объектілерді пайдалануға беруге), сондай-ақ орындалған жұмыстың бекітілген жобалау құжаттамасына және құрылыс сапасын меншікті өндірістік бақылаудың барлық түрі мен нысандарын жүзеге асыратын мердігер ұйымға сәйкестігін растайтын авторлық қадағалауға жүктеледі», - делінген агенттікке берілген жауапта. 

Айта кетсек, аталған министрліктің жауабында құзырлы немесе жергілікті атқарушы органдардың бақылау, қадағалау жүргізетіні айтылмаған. 

Одан бөлек, жаңа тұрғын үйлердің құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттен қанша қаржы бөлінгенін сұраған едік. 

«2024 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қостанай облысының, Арқалық қаласында тасқын судан зардап шеккен 31 отбасына үй сатып алу үшін ҚР Үкіметінің төтенше резервінен 405 млн теңге бөлінді», - деген жауап алдық. 

Ал басқа өңірлер бойынша қанша қаражат бөлінгені белгісіз. 

Министрліктің мәліметінше, тасқын судан зардап шеккен 9 өңір бойынша (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облысы) 19 928 тұрғын үй, оның ішінде 7 635 саяжайды су басқан.  

Сондай-ақ, су басқан үйлерге алдымен техникалық тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Оның қорытындысы бойынша зардап шеккен үй авариялық болып танылса, жаңадан үй салынады немесе сатып алынады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале