25.06.2024, 9:17
Оқылды: 50

Вице-премьер Нұрлан Байбазаров: Ұлттық инфрақұрылым жоспарында 40 трлн теңгенің 200 жобасы бар

Әзірленген және қазір Үкіметте бекіту сатысында тұрған 200-ден астам жоба Ұлттық инфрақұрылымдық жоспардың бөлігі саналады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды.

4D1BA07E-B2F3-4127-9EA4-59B251975613

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметінен

«Жалпы жоспар биылдан бастап 2029 жылға дейінгі кезеңде 200-ден астам жобаны іске асыруды көздейді. Инвестиция көлемі 40 трлн теңгеден асады. Бұл айтарлықтай елеулі инвестициялар және біз оларды тарту бойынша маңызды міндет тұрғанын түсініп отырмыз», — деп атап өтті вице-премьер Primeminister.kz-ке берген эксклюзивті сұхбатында.

Жоспарды қаржыландыруда басты назар жеке инвестициялар мен сыртқы тікелей инвестицияларды тартуға аударылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале