Бір ауыз жылы сөзге марқайып, суық сөзге ортайып қалатын БАҚ өкілдерінің мерекесі жақындаған тұстағы құттықтаушылардың лебізі мерейді өсіріп, көңілді шалқытып жібереді.
Бүгін аудандық «Теректі жаңалығы» қоғамдық-саяси газетінің ұжымын Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Арсен Бисенғалиев қабылдап, 28 маусым кәсіби төл мерекемен құттықтады. Ұжымға алғысхат табыстап, тілшілерге естелік сыйлықтар тарту етті.
Алғысхатта:
– Бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, еліміздің толағай табыстары мен зор жетістіктерінің жаршысы болып келеді. Сіздерді құттықтай отырып, жазарларыңыз көп, сөздеріңіз өтімді, қаламдарыңыз қуатты болсын деген тілек білдіремін, - делінген.
Газет редакциясының директор-редакторы Әділет Орынбасаров ризашылығын білдіріп, қарым-қатынастын нығая беруін тілегіне қосты. Өз кезегінде төраға орынбасары Аманғали Байғали да құттықтауға қосылып, ақжарма тілегін айтты.
Ақтілек Әлібек
Теректі ауданы