25.06.2024, 20:00
Оқылды: 81

Еңбек министрлігі БЖЗҚ-дан артық қаражатты алуға тыйым салу туралы айтты

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2024 жылғы 25 маусымда Үкімет аясында сарапшылардың БЖЗҚ-дан қаражат алуды тоқтату туралы ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақша JP

Қордан осы күнге дейін мерзімінен бұрын 3 трлн теңге алынған.

"Біздің ұсынысымыз, біріншіден, зейнетақы ең төменгі еңбекақының 60%-на тең болуы керек. Екіншіден, бұл сарапшылардың ұсынысы, яғни, зейнетақы қорынан жинақты ерте шешіп алуды тоқтату – мұнымен де келісеміз. Себебі, қазір ерте шешіп алғандардың зейнетақысы 34 мың теңгеден аспайды. Сондықтан оны доғару керек", - деді Светлана Жақыпова.

Оның айтуынша, қазақстандық зейнетақы жүйесі үш деңгейлі. Мұнда бірінші деңгей-базалық зейнетақы. Екінші деңгейде міндетті зейнетақы аударымдары және үшінші деңгейде – Қазақстандықтардың ерікті зейнетақы аударымдары.

Бұл ретте ол 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілі бар қазақстандықтар ынтымақты зейнетақы алатынын атап өтті.

"Ынтымақтастық зейнетақысын алуға, яғни 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде 6 ай еңбек өтілі бар адамдарға берілетін зейнетақы түрі өкінішке қарай сирейіп жатыр, сондықтан жастардың басым бөлігі жұмыс істемегендіктен, яғни 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыс тәжірибесі болмағандықтан, оларға тек базалық зейнетақы беріледі. Осыған байланысты елестетіп көріңіздерші, жастар қолданыстағы заңға сәйкес басым бөлігін (зейнетақы – ред. ескертпесі) шешіп алады, ал зейнет жасына жеткен кезде олар зейнетақысын өте аз мөлшерде алуы ықтимал – 60 пайызы жалақыдан ұсталған міндетті жарналар есебінен болса, қалған көлемі зейнетақы жарналарының ең төменгі мөлшерінің жеткіліктілік шегіне тең болуы мүмкін. Мысалы бүгінгі таңда жинақ жүйесі бойынша төлем сомасы – 34 мың теңге. Бұл жеткілікті сома деп ойлайсыз ба? Әрине, жоқ. Демек, кезінде зейнетақы жинағын шешіп алып, кейін зейнетке шықса, ол небәрі 34 мың теңгеден ғана алып тұрмақ. Сол себепті біз сарапшылардың екі пікірімен келісеміз: базалық зейнетақының мөлшері сай болуға тиіс әрі басқаша есептелуі керек, оған қоса БЖЗҚ-дан ақшаны шешіп алу мүмкіндігін тоқтату керек", - дейді Светлана Жақыпова.

Бүгінде зейнетақы қорынан 3 трлн теңгеден аса қаржы мерзімінен бұрын алынған.

"1,5 млн адам зейнетақы төлемдерімен қамтылды, 3 трлн теңгеден аса қаржы зейнетақы қорынан шығарылды. Ол қаржыға адамдар үй жағдайын жақсартты, емделді. Сондықтан бұл қаржыны бекер жұмсалды деуге де болмайды", - деді ол.

Еске салайық, 2021 жылдың қаңтарында Қазақстандағы салымшыларға зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге жұмсауға, сондай-ақ жеке инвестициялық компаниялардың басқаруына беру мақсатында пайдалануға құқық берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале