26.06.2024, 10:15
Оқылды: 81

Қазақстан ұлттық құрамасы JBMO математикадан Балқан олимпиадасына қатысады

Қазақстандық оқушылар JBMO-2024 математикадан Халықаралық жасөспірімдер Балқан олимпиадасына қатысады. Биыл олимпиада 25-30 маусым аралығында Анталья қаласында өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

DB4DBADB-5529-49A2-9B2F-8512D06C7A0A

Еліміздің ұлттық командасында алты жас математик бар, олардың барлығы 2024 жылғы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

• Әли Еркебұланұлы – Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы;

• Бердібек Орынбасар – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

• Арнұр Ансатов – Қызылорда облыстық №9 дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

• Сұлтанәли Алиасқар – Астана қаласындағы дарынды ұлдарға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;

• Асқар Мұхтарұлы – Қызылорда облыстық №9 дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

• Эрик Лим – Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы.

Құрама команданың жетекшісі:

Антон Николаевич Васильев – ф.-м.ғ.к., М.В.Ломоносов атындағы ММУ қазақстандық филиалының іргелі және қолданбалы математика кафедрасының доценті.

Айта өтейік, Математикадан Халықаралық жасөспірімдер Балқан олимпиадасы (JBMO) – Балқан түбегі елдерінің оқушыларына арналған байқау. Қазақстан олимпиадаға қонақ ел ретінде қатысады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале