26.06.2024, 11:48
Оқылды: 108

Биыл жемқорлардан тәркіленген қаржыға қанша мектеп салынады?

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова биыл жемқорлардан тәркіленген қаржыға қанша мектеп салынатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

мектеп магис жп (2)

Сурет: сайт архивінен/zhaikpress.kz

«Оңтайлы және қолжетімді білім – инфрақұрылымыны да білім сапасының бір бөлігі. Осыған байланысты апат жағдайындағы және үша уысымды мектептер мәселесін жою үшін бірнеше көзден мектеп салу қолға алынды.

  • Біріншіден, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы. Оның аясында 369 мектеп салынғалы отыр.
  • Екіншіден, жемқорлық қылмысы аясында тәркіленіп, қайтарылған қаражат есебінен былтыр 36 мектеп салынса, биыл тағы 25 мектеп салынбақ», - деді Тамара Дүйсенова Мәжілістің жалпы отырысында.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы және жергілікті бюджет есебінен былтыр 7 мектеп пайдалануға берілсе, биыл тағы 6 мектеп салынады деп жоспарланып отыр.

Вице-премьердің айтуынша, салада белсенділік танытып келе жатқан қосымша бір бағыт - бизнес инвестиция.

«Былтыр 56 жекеменшік білім ошағы іске қосылды. Жалпы мұндай жеке меншік мектептердің саны бүгінде 667-ге жетті. Онда 250 мыңнан аса бала тәлім алып жатыр. Мектеп салу үшін барлық қаржы көзінен бөлінген қаражаттың 2 жылдық сомасы - 2,4 триллион теңге. Сондай-ақ, биыл 270 мектеп күрделі жөндеуден өтеді», - деді премьер-министрдің орынбасары.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале