1987 жылы 26 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні деп жариялады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті басқа мемлекеттік органдармен қатар осы қатерлерге қарсы іс-қимылға белсенді қатысады.
Жыл басынан бері ҰҚК есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша 96 операция жүргізді, оның ішінде 23-і шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өтті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді.
Фото: https://t.me/knbgov_kz/2124
«Қорытындысында 24 халықаралық және 17 аймақтық есірткі жеткізу арналары, сондай-ақ 16 жасырын есірткі зертханасының қызметі жойылды. Заңсыз айналымнан 1,3 тоннадан астам есірткі құралдары мен психотроптық заттар, 4,6 тонна көкнәр сабанының шикізаты және синтетикалық есірткі жасау үшін пайдаланылатын 13.6 тонна химиялық реагенттер алынды.
«Қара нарықта» алынған есірткінің құны шамамен 17 млрд. теңгеге бағаланады, ал айналымға жіберілген көлем шамамен 5 млн бірреттік дозаны құрайды. ҰҚК деректері бойынша Қазақстанның 54 азаматы мен шетелдіктерге қатысты сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, ҰҚК Шекара қызметі халықаралық қатынас жолдарында есірткі құралдарын тасымалдаудың 200-ден астам әрекетінің жолын кесті. Заңсыз айналымнан 790 кг астам есірткі және психотроптық заттар алынды. Осы бағыттағы іс-шаралар жалғасады», - деп жазды баспасөз қызметі.