27.06.2024, 14:31
Оқылды: 106

Қайда демалуға болады? Қазақстанның ТОП-5 курорты аталды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанның ең танымал 5 курортын атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

21A1A33C-A276-4066-9BCF-0A7BA08F8A7E

Сурет Әділет Рахметолланың жеке парақшасынан алынды

Қаңтар-наурыз айлары аралығында қазақстандық курорттық аймақтар 766,6 мың адамға қызмет көрсетккн. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63,1 мың адамға көп.

Қазақстанның адамдар ең көп баратын 5 курорт:

  • Алматы тау кластері – 551,9 мың келуші;
  • Щучье-Бурабай курорттық аймағы – 69,1 мың келуші;
  • Маңғыстау курорттық аймағы – 57,5 мың келуші;
  • Түркістан туристік аймағы – 26,1 мың келуші;
  • Алтай курорттық аймағы – 20,7 мың келуші.

Курорттық аймақтарда орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтердің көлемі 2024 жылдың алғашқы үш айында 27,8 млрд теңгені құраған. 2023 жылдың осы кезеңінде 23,2 млрд теңгеге қызмет көрсетілді.

Бұған дейін туристер Астанадан Бурабайға тезірек жете алады деп хабарланған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале