Бүгін 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің төл мерекесіне орай аудандық «Теректі жаңалығы» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Әділет Орынбасаров бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагер журналистердің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Әр жылдары газет редакторы болған Нұрзия Сисенбаеваның, Татьяна Хмарскаяның, дизайнер Людмила Мурашкинцеваның «Теректі жаңалығы» десе, көңілдері бөлек. Әділет Әлібекұлының құрметіне риза болған олар жылы естеліктерін айтты. Сол кезеңдегі мен бүгінгі баспасөздің ахуалы туралы тарқатып, жұмысқа сәттілік тіледі.
- Сіздердің «Теректі жаңалығындағы» қолтаңбаларыңыз айрықша. Құрметтейміз, сыйлаймыз, үлгі аламыз! Тәлім-тәрбиелеріңіз арқылы қанша жас жетілді. Қанша жас өзіндік пікірі бар тұлға болып қалыптасты. Оны ұмытуға болмайды. Тек амандықтарыңыз қымбат,- деді Әділет Орынбасаров өз сөзінде.
Балаша мәз болған ардагерлер алғыстарын айтудан тынбай, құрақ ұшып қарсы алып, серпілген көңілдерін құшаққа алып шығарып салды.
Ақтілек Орынбасар,
Теректі ауданы